5 тамызда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал елдің оңтүстігі мен батысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +23…+25 градус.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +27…+29 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +30…+32 градус.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +29…+31 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +30…+32 градус.
Атырауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.
Қарағандыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +23…+25 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +26…+28 градус.
Қонаевта күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +27…+29 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +35…+37 градус.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +25…+27 градус.
Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.
Талдықорғанда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +28…+30 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +32…+34 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус.
Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
