Қазақстанның батысында аптап ыстық бәсеңдей бастайды, ал оңтүстікте ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі. 31 шілдеде елдің солтүстігі, батысы және шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +35…+37 градус.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +32…+34 градус.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +39…+41 градус.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +28…+30 градус.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +28…+30 градус.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел де күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +30…+32 градус.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +36…+38 градус.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +34…+36 градус.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градус.

Қостанайда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +32…+34 градус.

Қызылордада ашық ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде +25…+27, күндіз +40…+42 градус.

Павлодарда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.

Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +33…+35 градус.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +31…+33 градус.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +34…+36 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +35…+37 градус.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +25…+27, күндіз +42…+44 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +25…+27 градус.

Өскеменде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!