Арнау

Бұл салада істеу үшін керек болады,
Батылдық пен адалдық!
Облыстың жыршысы мен айнасы,
«Сыр бойы» газеті бар тарамдық.

Сыр бойына болып қалды ғасыр, жыл,
Талай тарих ақпарат таралымға басып жүр.
Журналист көп бұл салада қызметін атқарған,
Ел ойында есімдері жатталған!

Соның бірі – Есегенұлы Тоқболат,
Бұл кісі жайлы толып жатыр ақпарат.
Бұл күндері филология ғылымының докторы,
Сыр бойы жайлы ойламаған жоқ күні.

«Сыр бойы» газетінің тоқсан бес жылдық тарихы бар!
Таниды оқырманы жазылған әр әріпін.
Көш тізгінін алып келеді, Ақмешіт апталығы!
Әр Қызылордалық біледі жатқа мұны.

Отыз жыл болып қалды ақпарат таратқалы,
Талай ел жаңалығы бұл газетте сарапталды.
Оқырман сүйіп оқу үшін сыр газетін,
Халықтың ақпарат көзі қылып,
Осы газет болды, Сыр елі үшін жаратқаны !


Қазағым менің, қазағым

Қазағым менің, қазағым,
Көп көрген өмір азабын.
Көркіңді сенің мақтан ғып,
Жүрегіме жазамын.

Отырысың, жүрісің,
Қол созып көкке тұрасың.
Ойың бар, биік бойың бар,
Мен үшін әр кез ірісің.

Ажарлы етіп еліңді,
Өзгеден қорғап жеріңді.
Ғасырлар төктің қаныңды,
Ғасырлар төгіп теріңді.

Адалға, жаны тазаға,
Айқара ашық есігің.
Тереңдігіңді көрсетіп,
Төріңде тұрар бесігің.

Өмірде ақ бар, қара бар.
Саралап оны келесің.
Қараны азайту үшін,
Жүгіресің, желесің.

Өмірдің заңы осындай,
Қазағым, менің қазағым.
Көркіңді сенің мақтан ғып
Жүрегіме жазамын.

Ботагөз Мұхамбетжанқызы
С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы

Жетекшісі: Гульвира Бегайдарова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!