Қызылорда облысында Көкшетау, Павлодар және Өскемен қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік шаңырақ оқушыларының басын қосқан дәстүрлі «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы өтті.

Бір аптаға созылған экспедиция барысында қатысушылар өңірдің тарихымен, мәдени мұрасымен және бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, Сыр өңірінің көпғасырлық тарихы мен даму әлеуетін айқындайтын маңызды нысандарды зерттеді.

«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді

Экспедиция бағдарламасы аясында оқушылар ежелгі Сығанақ және Сауран қалашықтарында, Қорқыт ата мемориалдық кешенінде, облыстық және аудандық тарихи-өлкетану музейлерінде болды. Танымдық экскурсиялар барысында олар Сыр өңірінің Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи маңызы мен Қазақстанның мәдени мұрасындағы ерекше орнын тереңірек таныды.

Экспедицияның маңызды бағыты өңір экономикасының негізгі салаларымен танысу болды. «Шалқия Цинк» кәсіпорнында оқушылар полиметалл кендерін өндіру үдерісімен, тау-кен өндірісіндегі заманауи технологиялармен және жобаның еліміздің өнеркәсіптік дамуына қосып отырған үлесімен танысты.

«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді

Сондай-ақ қатысушылар көпсалалы аграрлық «Абай-Дәулет» компаниясында болып, мал шаруашылығы мен құс фермасының жұмысымен танысты. Экскурсия барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі заманауи технологиялар мен тиімді басқарудың маңызы көрсетілді.

Оқушылар Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші өндіріс орындарының бірі – «Абзал және К» компаниясында болып, күріш өсіру, оны өңдеу және экспортқа шығару технологияларымен танысты.

«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді

Қазақстандағы ең көрікті әрі үлгілі ауылдардың бірі саналатын Нағи Ілиясов ауылына сапар барысында оқушылар ауылдық инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру және әлеуметтік саланы жетілдіру бағытындағы табысты тәжірибелермен танысып, мемлекет, бизнес және жергілікті қоғамдастықтың тиімді серіктестігінің нақты үлгісін көрді.

«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді

«Туған елге тағзым» экспедициясы қатысушылар үшін тарихи-мәдени ескерткіштермен танысудың ғана емес, өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуын зерделеудің де маңызды білім беру алаңына айналды. Экспедиция барысында оқушылар түрлі сала мамандарымен кездесіп, бақылау жұмыстарын жүргізіп, болашақ зерттеу жобаларына қажетті материалдар жинақтады.

«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді

«Туған елге тағзым» жобасы оқушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына деген құрметін қалыптастыруға және өткен мен бүгіннің сабақтастығын терең түсінуге ықпал етеді. Экспедиция барысында жинақталған тәжірибе мен тың ақпарат көптеген қатысушыларды туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жаңа зерттеу жобаларын әзірлеуге шабыттандырды.

«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді
«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді
«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді
«Туған елге тағзым»: NIS оқушылары Қызылорда өңірінің тарихын зерттеді

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!