7 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық әрі жауын-шашынсыз болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі. Тек солтүстік, солтүстік-шығыс және батыстың кей өңірлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус болады.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус.

Шымкентте жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +35…+37 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20…+22, күндіз +32…+34 градус.

Ақтауда жауын-шашынсыз, түнде +21…+23, күндіз +33…+35 градус.

Атырауда жауын-шашын күтілмейді, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы +34…+36 градус.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күндіз +33…+35 градус.

Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +15…+17, күндіз +27…+29 градус.

Көкшетауда жауын-шашынсыз. Күндіз ауа +30…+32 градусқа дейін жылынады.

Қонаевта күн ашық, күндіз +31…+33 градус.

Қостанайда жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +30…+32 градус.

Қызылордада аптап ыстық сақталады. Түнде +22…+27, күндіз +37…+39 градус.

Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Температура +28…+30 градус.

Петропавлда жауын-шашынсыз, күндіз +30…+32 градус.

Семейде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз +27…+29 градус.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы +33…+35 градус.

Таразда күн ашық, күндіз +35…+37 градус.

Түркістанда жауын-шашынсыз. Күндіз +35…+37 градус.

Оралда түнде өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +29…+31 градус болады.

Өскеменде жауын-шашынсыз, күндіз +28…+30 градус күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!