ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Тараз қаласында өткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушысы Орынбаева Алтынай Романқызы Бас жүлде иеленді.

Бұл байқау ұлы реформатор, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұрасын насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!