14 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Кейбір қалаларда ауа температурасы +43 градусқа дейін көтерілсе, көптеген өңірде күндіз +35…+40 градус ыстық болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +37…+39 градус.
Алматыда күн ала бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +32…+34 градус.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +39…+41 градус.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус.
Ақтауда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +33…+35 градус.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +36…+38 градус.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +38…+40 градус.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +33…+35 градус.
Көкшетауда күн ала бұлтты. Күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +30…+32 градус.
Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +37…+39 градус.
Қостанайда күн ала бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.
Қызылордада күн ашық. Ауа температурасы түнде +28…+30, күндіз +40…+42 градус.
Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +33…+35 градус.
Петропавлда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градус.
Семейде күн ала бұлтты. Күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.
Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +35…+37 градус.
Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +37…+39 градус.
Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +26…+28, күндіз +41…+43 градус.
Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +33…+35 градус.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
