«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түсіп, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Алматыда найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ұлытау облысында найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман түседі.

Қостанай, Абай облыстарында жаңбыр, бұршақ, қар жауып, жел соғып, найзағай ойнайды.

Қонаев қаласы мен Маңғыстау облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында тұман түсіп, жел күшейіп, 3 градус аяз күтіледі.

Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұрқасын соғып, шаңды дауыл тұрады, жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы, Жетісу облыстарында найзағай, шаңды дауыл, екпіні 15-28 м/с жел соғады, жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жезқазған, Семей, Қарағанды қалаларында, Қарағанды ​​облысында найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!