Sputnik. Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстан бағыттары бойынша жаңа халықаралық рейстерді іске қосты.

Көлік министрлігі ұшу бағыттарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

«Ағымдағы жылдың 26 маусымынан бастап әуе компания Ақтау – Үрімші (Қытай) бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұмакүндері Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады», – дейді министрлік.

3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл (Қырғызстан) бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстер іске қосылды. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Жаңа халықаралық әуе бағыттарының ашылуы Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жолаушылар үшін халықаралық сапарлар мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етпек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!