6 шілде – Астана күнінде Қазақстанның түрлі өңірінде 448 сәби дүниеге келді. Денсаулық сақтау министрлігі осындай статистиканы жариялады, деп хабарлайды TengriHealth.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мереке күні еліміздің медициналық ұйымдарында 448 бала туылды. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Бұл ретте Астанада екі егіз дүние есігін ашты.
Нәрестелердің ең көбі Түркістан облысында туылған, мұнда 67 сәби дүниеге келді. Алматыда 44 сәби жарық дүниеге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.
Министрлік ақпаратынша, босануға көмек көрсету ұйымдарының медицина қызметкерлері жүктілікті, босануды қауіпсіз жүргізуді және жаңа туған нәрестелерге қажетті көмек көрсетуді тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
