Алматыда Рысқұлов даңғылында түнгі жарыс ұйымдастырған жүргізушілер тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тәртіп бұзушыларды патрульдік экипаж байқап қалған. Радио арқылы хабар алған жақын маңдағы жасақтар Рысқұлов пен Кудерин көшелерінің қиылысында көліктер колоннасын бұғаттаған. Барлығы 10 автокөлік тоқтатылған. Полиция кейбір көліктердің қымбат екенін атап өтті.
«Әрбір жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды», – делінген хабарламада.
Департамент мұндай фактілердің барлығының жолы кесілетінін және жүргізушілердің жауапқа тартылатынын ескертті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
