Қызылорда қаласының тұрғыны жоғалтып алған 1,7 миллион теңгесін қайтарып беруді сұрайды.

▫️Ол «Мирас» сауда үйі мен «Асдекор» дүкені аралығында 1 млн 700 мың көлеміндегі ақшасын түсіріп алған. Тапқан адамға сүйіншісі бар. Ақшаны қайтарып беруін сұрап отыр. Болмаса құзырлы органдарга жүгінетінін жазған.

Ал көпшілік 1,7 миллион теңгені қалай түсіріп алғанын түсінбей отыр.

«Қалтамызда 20 мың болса, қайта-қайта қарап жүреміз», – дейді желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!