Жамбыл облысының «Шөлдала» шекара бөлімшесіндегі жауынгер өлімі бойынша ішкі тергеу жүргізіліп, бірнеше адам қызметінен шеттетілген, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл жөнінде Сенат дәлізінде ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты.

Ол Тараздағы сарбаз өліміне қатысты тергеу аяқталмай ештеңе айта алмайтынын қайталаумен болды. Қазіргі кезде тергеушілер түрлі нұсқаларды жатыр.

Заңнамаға сәйкес, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін кез келген деректі жариялауға болмайды. Өйткені тергеу аясында көптеген түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр. Оның қайсысы расталатыны тергеу кезінде анықталады,

— дейді Ерлан Алдажұманов.

Осы орайда ол тергеу амалдарын басқа ведомство жүргізіп жатқанын айтты. Дегенмен, Тараздағы жағдайдан кейін қызметтік тергеу жүргізілгенін, тәртіптік шара қабылданын жеткізді.

ҚР Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы қызметінен шеттетілді. Содан кейін сол заставаның шекара басқармасы бастығы мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сол заставаның бастығы қызметінен босатылды,

-дейді Шекара қызметінің директоры.

Олар қазір тергеу қорытындысын күтіп отыр екен. Осыдан кейін осы лауазым иелеріне қатысты тиісті шешім шығарылады

2022 жылы 19 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Шөлдала шекара бөлімшесінде әскери қызметші Бекбол Мираш өз-өзіне қол жұмсады. Экспресс К Жамбыл облысында қайтыс болған шекарашы сарбаз туралы бұған дейін жазды. Сонымен қатар адвокат марқұмның денесіне сараптама жасалғанда аузынан шәует табылғанын» айтқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!