Sputnik. Аргентина футболшысы Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
«Бұл шешімді қабылдау маған оңай болған жоқ. Ол әлі де жанымды ауыртады. Дегенмен карьерамды аяқтайтын уақыт келгенін түсінемін», – деп жазды футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Лионель Месси 39 жаста. Ол – футбол тарихында «Алтын доп» жүлдесін сегіз рет жеңіп алған жалғыз ойыншы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
