Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабаты өртенді, деп хабарлайды Стан.кз ақпараттық агенттігі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 14:04 Алатау ауданы, Нұрпейісова 2а мекенжай бойынша өрт шыққан түтін туралы хабарлама түсті.

«Өрт сөндіру бригадасы жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмылдырылды, құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта жетті. Олар келген кезде үш қабатты әкімішілік ғимараттың екінші қабатының 45 шаршы метр жері өртеніп кетті»,-деді ведомстводан.

Өртті сөндіруге 14 бірлік техника мен 47 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгін Алматыда жолаушылар автобусы өртенген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!