Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2020 жылдың 27 мамырында №58 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және де өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы біріңғай Қағидалардың» талаптарына сәйкес өтініштер мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылданады.
2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында барлығы 631 өтініш келіп түсті, 596 апостиль қойылды, 35 бас тартылған.
2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында 631 келіп түскен өтініштер ішінде қағаз түрінде 50 пайыз, электронды түрде 50 пайызды құрап отыр.
Келіп түскен құжаттардың басым бөлігі Корей Республикасы – 253, Италияға – 185, Түрік Республикасына – 50, мемлекетіне ұсынылатындығы көрінеді.
Апостиль қою үшін Қазақстан Республикасы «Салық кодексінің» талаптары негізінде айлық есептік көрсеткіштің 50 пайыздық мөлшерінде өндіріледі.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Гаага Конвенциясына қатысушы 64 елдерінде электрондық апостиль іске асырылды.
Бүгінде «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін толық электрондық нысанда көрсету шеңберінде мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде.
«Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған.
Электрондық апостильдеудің басты артықшылығы апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады.
Қызылорда облысы әділет департаментінің
бас маманы А.Жақсылық
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
