Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Балтабек Ерсәлімов – 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан республикасының журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» марапаттары мен «Құрмет» орденінің иегері.

Филолог Балтабек Ерсәлімов белгілі ақын Абай шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген. Сондай-ақ, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорынның ашылуына ықпал тигізгендердің бірі. Ал 1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың жиені Балтабек Ерсәлімов 86 жасында қайтыс болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Балтабек Ерсәлімовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!