Екібастұз тұрғындары электр энергиясы үшін өтемақы алады. Барлық шығындарды «Екібастұзтеплоэнерго» төлейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, Екібастұздағы зардап шеккен үйлердің тұрғындары қараша-желтоқсан айларында жылу ақысын төлеуден босатылған. Оған қоса, электр энергиясы әдеттегіден көп қолдануға мәжбүр болғаны үшін бүкіл қалаға өтемақы төлеу мәселесі көтерілген.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Екібастұзтеплоэнерго» компаниясының иелерімен бірлесіп, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярдың қатысуымен шештік. Төтенше жағдай кезінде (27 қараша мен 8 желтоқсан аралығында) барлық жеке тұлғаларға электр энергиясын пайдаланғаны үшін өтемақы беріледі, бұл тізімге қаланың 48 957 абоненті кіреді», – деп жазды облыс әкімі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!