Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 5-15 мамыр аралығында өтеді.

Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Форум ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, республикалық волонтерлер фронт-офисі, «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ.

Конкурсқа қатысуға белсенді волонтерлерді, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың (18 жастан бастап) басшыларын шақырылады.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы танысып, өтініш беруге болады:

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 5-15 мамыр аралығында өтеді.

Байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады.

Әр өңірден 4 жеңімпаз 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырылады.

Бүгінде форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналған. Онда 30-дан астам шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен бірқатар делегаттар қатысады деп жоспарлануда.

Форумның негізгі мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын өткізу жөніндегі БҰҰ сессиясында айтылған бастамасын ілгерілету.

Толық ақпаратты республикалық фронт-офистің Call орталығы (87787064242) немесе frontoffice.kz@gmail.com электрондық мекенжайға жазу арқылы білуге болады.

Фото: gov.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!