“Достық үйі” ғимаратында кездесу өтті. Оған облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, жауапты басқармалар, департамент басшылары мен қоғам белсенділері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс көлеміндегі аудандар мен елді мекендегі тұрғындарға газ кіргізу бағытындағы жұмыстар және тұрғындардың берешектігі туралы «ҚазТрансГаз аймақ» Қызылорда өндірістік АҚ филиалының директоры Шәкір Кәрібаев баяндама жасады.
Жиында 1.09.2015 жылдан Қызылорда облысының 4 ауданы мен Байқоңыр қаласын газдандыру 2015-2019ж. Инвестициалық бағдарламасы кезеңінен бастап облыс халқына газ тарифі 21 теңгеге өсіп кеткені, қәзір ол инвестициялық тарифтің мерзімі біткендіктен КТГ Аймақ 2019 жылдан тасымал тарифін қымбаттату туралы қайта қарауға өтініші Антимонопольный департаментпен бекітілмегені, сол жылдардан бері ҚР Жоғарғы Сотымен бірге барлық сот процесстерінде КТГ Аймақ жеңілгенмен тұрғындарға осы уақыттарда артық есептелген 2,3 млрд теңгені тариф есебінен қайтармай отырғаны туралы айтылды. Сонымен қатар Ақшабұлақ-Қызылорда газ желісімен келіп отырған газдың Ақшабұлақта 0,7 теңге екені, ал ол КТГ-дан өз қарамағындағы Аймақ мекемесіне неге 7 теңгеге көтере сатып, ал КТГ Аймақ халыққа 21 теңгеден сатып отырғаны туралы да мәселе көтерілді. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастырған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!