Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру» бағытында 2 іс-шара іске асырылады. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы аясында министрлік «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң және оған ілеспе заң жобаларын әзірлеуде. Заң жобалары жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының аражігін ажырату, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік құқықтарын және мәслихаттар өкілеттіктерін кеңейту; жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату жөніндегі нормаларды көздейді», – деді Әлібек Қуантыров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!