Фото: Алмас Қабдолов

KAZINFORM – Маңғыстауда әскери борышын өтеп жүрген атыраулық сарбаз ауылын тасқын судан қорғау үшін бөгет салуға келді. Қазір ол Жайық жағалауын бекітуге атсалысып жүр.

Махамбет ауданындағы Сарытоғай деген ауыл бар. Бұл ауыл Жайық өзеніне таяу орналасқан. Осы ауылдың тумасы Естай Жоламанов әскер қатарына шақырылып, Маңғыстау облысындағы №390 теңіз жаяу әскери бригадасына барған. Жақында ол әскери бөлімнің сарбаздарымен бірге Атырау облысындағы Сарытоғай ауылын тасқын судан қорғауға келді.

«Елді қорғау – әр азаматтың борышы. Қиындық туындай қалса, қол ұшын созуға дайын болуға тиіс. Еліміздің бірнеше өңірі тасқын судан зардап шекті. Атырау облысына Жайық өзенінен тасқын су қаупі төнуі мүмкін дегенді естігенде, кіндік кескен, балалық шағым өткен ауылымды ойлап қойып едім. Енді міне, туған ауылымды қорғауға үлесімді қосып жүрмін. Бұл – менің сарбаз ретіндегі міндетім әрі перзенттік парызым», – дейді Естай Жоламанов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!