Арал ауданындағы NEET санатындағы жастарды анықтау мақсатында жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда.

Облыс орталығынан барған мамандар ауданға қарасты ауылдық округтерде болып, сауалнама жұмыстарын жүргізуде.

Нәтижесінде аталған санаттағы жастардың базасын қалыптастырып, Екінші кезеңде жинақталған мәліметтерге сараптама жұмыстары жүргізіп, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, маусымдық жұмыстарды және өзін жұмыспен қамтитын азаматтардың қызметін заңдастыру және т.б. кешенді шаралар жүзеге асатын болады.

Облыстық жастар ресурстық орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!