«Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы №500 Жарлығына сәйкес, республиканың барлық аймақтарында мамандандырылған әкімшілік соттары құрылды. Осыған сәйкес 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік соты қызметін бастады.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының штаттық құрамы 4 судья, 8 кеңсе маманынан тұрады.
Сот жүйесіндегі маңызды буын сот отырысының хатшысы десек, оларға қойылатын талап мен жүктелетін міндетте жоғары. Ал судьялардың қызметін қамтамасыз етуде айрықша рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Себебі, судьяның уақытты тиімді пайлаланып, өнімді жұмыс жасауы сот отырысы хатшысының біліктілігі, кәсібилігіне байланысты.
Осы талап үдесінен шығып, өз қызметін мінсіз атқарып отырған мамандардың бірі, әрі бірегейі бас маман-сот отырысының хатшысы Айгерім Мәлікқызы Сырымбетова. Ол 14 ақпан 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. №23 Ж.Қизатов атындағы орта мектебін 2006 жылы бітірген.
2008-2011 жылдар аралығында Қызылорда Гуманитарлық университетінде құқықтану мамандығы бойынша бакалавр білімін, одан кейін 2014-2016 жылдар аралығында Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономист мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін де алған.
Еңбек жолын жоғары оқу орынын тәмәмдаған бойы осы сот саласынан бастады.
2011 жылдың 11 қазан айынан бастап 2021 жылдың шілде айына дейін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бас маман-сот мәжілісінің хатшысы болып қызмет атқарса, 2021 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысынының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында бас маман-сот отырысының хатшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мелекет тарапынан ерекше сенім білдіріп, мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моралдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
11 жылдай сот саласында үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан Айгерім Сырымбетованың бойынан осындай қасиеттерді байқауға болады. Ол өз ісінің білікті майталманы, оның бойында үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, білгенін әріптестеріне аянбай үйрету секілді сыпайылылықтың өнегесі қалыптасқан.
Өз білімін одан әрі жетілдіру мақсатында үнемі іздену үстінде жүреді. Сотқа жаңадан келген хатшыға өз тәжірибесімен бөлісіп жалықпай қол ұшын беруде аянбайды.
Өз ісіне тиянақты, еңбек тәртібін бұзбаған, өзінің қызметтік міндеттерін адал да тиянақты, аса жауапкершілікпен, сапалы атқаратын, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын Айгерім Сырымбетова еңбектегі жетістіктері үшін Соттар әкімшісі басшысының «Алғыс» хаттарымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының, ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының «Алғысымен» марапатталған.
Айгерімді өз ісін толық меңгерген, жаңашылдыққа жаны құмар, білікті маман деп мақтанышпен айта аламыз. Сот саласының осындай мамандарын әрқашан үлгі тұтуымыз керек.

Г.Каликова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!