Бастапқы әскери дайындықты оқытудың басты мақсаты − жастарды еліміздің Карулы Күштерінде қызмет етуге теориялық тиянақты дайындау.
Әскери қызметке бейімделіп, сеніп тапсырылғaн әскери техника мен қару – жарақты үнемі әзірлік жағдайда ұстауға үйрету. Қарулы қорғаныс саласындағы жаңа технологияға бейімдеу. Ең маңыздысы жастардың сенімділігі. Республиканың егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілік сезінуі қажет. Оқу барысында адамдардың конституциялық міндеттері мен құкықтарын, әскери іс пен Азаматгық қорғаныс негіздерін даярлау және қажетті теориялық білімдер мен практикалық дағдылар қалыптасады.
Елімізде әскери доктринаның маңызды талаптарының бірі – білімді дайындалған, жаңа технологияны меңгерген армия құру болып табылады.
“Бастапқы әскери дайындық” пәнін таңдаған әрбір маман оқушыларға әскери адамға қажетті кәсіби білім береді. Отанды сүю, әскери борышқа және әскери антқа берік болуға баулып, Қарулы Күштер қатарына жалпы әскери әзірлікті жүргізеді. Сабақ барысында Қазақстан Республикасының “Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет туралы, «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдары оқытылады. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде, Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, мемлекеттің даму перспективалары және Қазақстан әскери саясатының жалпы қағидалары, Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі баяндалады. Сонымен қатар, Армияның қоғамдағы және мемлекеттегі орны кеңінен түсіндіріледі.
Мемлекетіміздің Қарулы Күштерінің түрлері, олардың тағайындалуы және құрамы. Республиканың мемлекеттік нышандары, әскери бөлімнің Жауынгерлік туы, Қазақстанның Карулы Күштері әскери қызметшілерінің әскери анты. Қазақстанның әскери саясаты, әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістерде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның әскери доктринасы, бейбіт уақытта, қауіп төнген және қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету ушін мемлекет шешетін міндеттер. Осы тақырыптардың барлығын түсіндіру алғашқы әскери дайындық пәніне жүктеледі. Сарбаздарды даңқты батырлардың ерлік рухында даярлау маңызды.
ХХІ ғасыр әскери білім мен ғылымды игеру кезеңі. Әскери қызмет – бұл мемлекеттік және қоғамдық мәнге ие міндетті борышты қамтамасыз ететін білім жүйесі. Бұл ең алдымен, үлкен саяси-әлеуметтік мәнділігімен, ұрыстық техникалар мен қару-жарақтарды қолданумен сипатталатын жауынгерлік қызмет. Қазақ жастарын қарулы етпес бұрын, рухты, білімді қайратты етіп тәрбиелеу маңызды.

Қарулы күштерге қайратты жастар қажет

Данияр БАКУОВ,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!