Фото: видеодан алынған скрин
KAZINFORM – ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» қызметкерлері Алматы облысының тауларында микроавтобусты жедел түрде шығарып алды.
Алматы облысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метрге төмен құлап түскен.
ТЖМ мәліметінше, жақын маңда гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Қазселденқорғау» қызметкерлері оқиғаға жедел араласқан.
-Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралы қолжетімсіз аумақтан сәтті шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар таулы жерлерде қозғалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады, – деп хабарлады ТЖМ.
Еске салайық, кеше Көлсайда автокөлік жардан құлап кеткенін жазғанбыз.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. Облыстық Gолиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!