Қызылордалық полицейлер жаппай тәртіпсіздік кезінде мерт болған сарбаздың өліміне қатысы бар азаматты ұстады, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласында 5 қаңтарда болған бүлік кезінде № 5547 әскери бөлімінің сарбазы ауыр жарақат алып, оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жараланды. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15) тармағымен және 380-1-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде жас сарбаздың өліміне қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бүгінгі күні іс бойынша тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды», – деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінен.