Бүгінде Қызылорда облысында белсенді түрде жұмыс жасайтын волонтерлік ұйымдар жеткілікті. Олардың міндеті мен бағыттары да әр түрлі. Бүгін волонтерлік ұйымдардың басын біріктіріп, жұмыс бағытын бір арнаға тоғыстыру бағытында Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Сыр жастары» облыстық волонтерлік штабының ашылу салтанаты өтті.

Аталған шараға облыстың белсенді жастары, волонтерлік ұйым жетекшілері, қоғам белсенділері қатысып, ұйымның мақсат-міндеттерімен танысып, алдағы жоспарларын айқындады.

Жиын барысында облыстық еріктілер штабы жасақталып, құрамы бекітілді, штаб жетекшісі сайланды. Сонымен қатар, штаб мүшелерінің ұсыныстары тыңдалды.

«Сыр жастары» облыстық волонтерлік штабына арнайы жасақталған офис ашылып, штаб мүшелеріне таныстырылды.

Асқар Шалқарұлы штаб жұмысына сәттілік тілеп, «Сыр жастарын» белсенді болуға шақырды.