Фото: Нұрболат Нұржаубай

Нұрболат Нұржаубай – өмірінің 15 жылдан астам уақытын фотожурналистикаға арнаған талант. Талай жастың фотоға деген қызығушылығын ашып, елдегі елеулі оқиғаларды қалт жібермеген фототілші. Осы салаға өзіндік жаңалықтар енгізіп, жаңа бастамалар бастап жүрген Нұрболат бірнеше байқаулардан да оқ бойы озық келді.

Жақында ғана «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Ауыл нақыштары» дәстүрлі республикалық фотобайқауда «Сыр медиа» ЖШС-ның фототілшісі жүлделі ІІ орынды иеленді. «Ауыл нақыштары» байқауы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталған. Ауылдың шынайы көрінісі, әсем табиғаты арқылы оның тұрмыс- тіршілігіне көпшілік назарын аудару, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатын көздеген байқауға еліміздің барлық өңірлерінен партияның сайты арқылы 500-ге жуық жұмыс келіп түскен. Әріптесіміз 122 үміткердің ішінен үздік атанған.

− Барлық берекенiң бастауы − ауыл. Сондықтан ауыл нақыштарын дəрiптейтiн мұндай бастамаларды ерекше қолдаймын. Бiрге атсалысуға тырысамыз. Байқауға әуесқой фотографтар да, өз ісінің кәсіби мамандары да қатысты. Барлығымызға ұйымдастырушылар бірдей шарт қойды. Әр қатысушыға 3 фотодан жіберу мүмкіндігі болды. Менде бақ сынап көруге тырыстым. Партия басшылығы мен тәжірибелі фотографтар енген кәсіби қазылар алқасы еңбегімді жақсы бағалады. Республика кɵлемiндегi осындай ауқымды шараны ұйымдастырған «Ауыл» партиясына алғысымды айтқым келедi. Ауылымыз кɵркейе берсiн, – дейді Н.Нұржаубай.

Оның көп суреттерін басылым беттері үзбей жариялап жүр. Ал біз оқырманға Нұрболаттың шығармашылық бағытта түсірген, еркін ойлы суреттерін ұсынғанды жөн санадық. Себебі оның шырт еткізген әр кадры қадірін білген жанға шедеврдің нақ өзі.

Айдар САЙЛАУОВ

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Фото: Нұрболат Нұржаубай

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!