Ведомстволық архив қызметінің басты бағыттары архивтік құжаттарды  жинауды ретке келтіру, қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп жүйелеу, ғылым анықтамалар мен көрсеткіштер жасау. 
Сот іс жүргізуінің негізгі бөліктерінің бірі.
Ведомстволық архив қоры құжаттарының және өзге де мұрағат құжаттарының белгіленген есепке алу бірліктерінде саны мен құрамын анықтау және осы сан мен құрамды есепке алу құжаттарында көрсету архив құжаттарын мекенжай бойынша олардың бар болуы мен жағдайын бақылауды, іздеудің мүмкіндігі мен ұыйымдастырушылық ретке келтіруін қамтамасыз етеді. Жыл сайын сот архивіне аяқталған істер мен іс құжаттары тапсырылады. 
Архив бөлімінің негізгі міндеті-жоғарыда атап өткен құжаттарды жинау, архивте уақытша сақталатын, құжаттар құндылығына сараптама жүргізудің сапасы мен сақталуын, есепке алуын және оның пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ №1 орталықтандырылған архив мекемесінің тұрақты сақтауына дайындау және тапсыру және архивке іс құжаттарды, азаматтық істерді жоюға ұсыну ведомстволық архив-архивтік құжаттарды жинауды, ретке келтіру –архивтік құжаттарды сақтау бірліктерін қалыптастыру болып табылады.

                                                       Пазылова Жанар Жамалдинқызы  
                                             Қызылорда облысы мамандандырылған                                                                                                                                                                                                                                         ауданаралық экономикалық сотының бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!