Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республика үкіметін «жеке топтардың емес, адамдардың мүддесі үшін жұмыс істеуге» шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы үкіметтің міндеттерін нақтылады. 

“Біз сапалы мемлекеттік басқарудың берік негізін қалыптастыру үшін Үкімет пен қоғамның моральдық стандарттарын жақсартуымыз керек.

Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек”, – дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!