Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықты жою туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент “Жаңа Қазақстан” құрудың маңыздылығын алға тартты.

“Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған”, – дейді Тоқаев.

Сонымен қатар, Тоқаев жемқорлықпен күресті жалғастырып, халықтың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.

“Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз. Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз”, – дейді мемлекет басшысы. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!