Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының 2022 жылғы 27 ақпандағы №30-ЖҚ/1 бұйрығымен «Арал көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Әбішов Нұралы Қалиұлы тағайындалды.Нұралы Қалиұлы 1969 жылы 17 наурызда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1998-2001 жылдары Қызылорда агротехникалық колледжінің «Мұнай құбырларын пайдалану» факультетінде техник-технолог мамандығы, 2009-2012 жылдары Болашақ университетін «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын ең алғаш 1989 жылы «Арал – ДРЭУ» мекемесінде жұмысшы болып бастаған. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 2003 жылдан бастап «16 Арал кәсіптік мектебінде» өндірістік оқу шебері, арнайы пән оқытушысы қызметтерін атқарған. 2010 жылдан бастап «Арал индустриалды техникалық колледжі» директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2016 жылы аталмыш колледжде директордың міндетін уақытша атқарушы, кейіннен осы кезге дейін колледж директоры қызметін абыроймен атқарып келді.Тағайындауға арнайы барған басқарма басшысының орынбасары Әзизбек Жәнібекұлы жаңа директордың қызметіне сәттілік тіледі.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!