Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде табанды тұжырым жасады.

Жалпы, қоғам дамуындағы маңызды фактор – сапалы білім беру екенін, оны  жақсы мұғалім ғана жүзеге асыра алатынын салмақтап, дәстүрлі жолдауларындағы «білімді ұрпақтың болашағы жарқын» қағидасын жалғастырды. Осы тұста жақсы мұғалімді даярлайтын жоғары оқу орындарының  мақсат-міндеттері де айқындала түсті. Олардың бәсекелестік деңгейде жетіліп, маман даярлаудағы жетістіктерін шыңдай түсетін жол таңдау ұсынылды.

Осы орайда 2025 жылға қарай беделді 5 шетелдік университет  филиалын ашып, оның ішінде ЖОО-лардың техникалық басымдылық берілетін екі филиалын еліміздің батысында ашу қажеттігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан дамуының алдағы міндеттерін нақтылап ғана қоймай, ел дамуының барлық негізгі бағыттары бойынша іске асырылып жатқан жобаларға сыни және кешенді талдау жасады. Біздің міндет – осы бағытта жұдырықтай жұмыла қызмет атқару және ел алдындағы жауапкершілікті сезіну.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!