Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылындағы орта мектеп мемлекет меншігіне қайтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы ОКҚ-дегі брифингте облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты. Сөзінше алған адам өз еркімен қайтарған. 

“Бізде үш ауысымды 51 мектеп бар. Әрине өңірде тапшылық қатты сезіледі. Ал дәл осы сатылып кеткен мектеп туралы айтатын болсам, біраз соттастық. 8 маусымда алған адам өз еркімен мектепті үкіметке қайтарып берді”, – деді облыс әкімі. 

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысындағы орта мектепті 15 миллион теңгеге жекенің қолына сатып жібергенін айтты. Тіпті ол аудан прокуратурасының бұл істі ретке келтіруге шамасы жетпей жатқанына тоқталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!