Қызылорда облысында ауыл мектептеріндегі оқушылардың ағылшын тілі деңгейін арттыру мақсатында «English for Jastar» жобасы жүзеге асырылды. Мақсатты аудитория – қалаға қарасты кент және ауыл мектептерінің 6, 7, 8, 9 сынып оқушылары.

10 еріктінің 7 ауданға бөлінді, ағылшын тілі сабақтарын өтуге арнайы сынып пен оқу кестесі бекітілді. Оқыту нәтижесіне сәйкес, 2018-2019 жылдары облыстың 350 оқушысы ағылшын тілінен «Pre-intermediate» және «Elementary» деңгейлерін тегін үйренсе, биыл «Elementary» деңгейі бойынша 104 оқушыға сертификат табысталды.

Еріктілер жобаны жүзеге асыру барысында жаңашыл методикаларды пайдалану арқылы ағылшын тілі сабақтарын оқушыларға әр күн сайын қызықты өткізуге күш салуда.

Мұнымен қоса ерікті оқытушылар мен оқушылар ZOOM платформасында Лондон қаласында білім алып жатқан «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты С.Абжановамен кездесті. Спикер шет мемлекетте білім алудың тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«English for Jastar» жобасының табысты жүзеге асуына ықпал жасаған ерікті оқытушылар «Nur Otan» ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Л.Төрешова және «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Н.Жетпісбаевтың арнайы Алғыс хаттарымен марапатталғанын айту керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!