Маркетинг – қоғамның ажырамас бөлігі. Маркетингтің негізі – клиент, ал нәтижесі – пайда табу. Нақтысын айтқанда компанияның нарықтағы қызметі. Бұл тақырып Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінде маркетинг мамандығында оқитын студенттерге апталық аясында кенінен талқыланды.

«Экономикалық техникалық және арнайы пәндер» бірлестігінің «Білімді ұрпақ – тұрақты даму кепілі» атты апталығы аясында өткен «Заманауи әлемдегі маркетингтің рөлі» тақырыбында танымдық-топтық сайыстың мақсаты – білім алушыларға Қазақстан экономикасын дамытудағы маркетингтің маңызы, алатын орны, ерекшелігін түсіндіру. Тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу. Сайысқа студенттер арасынан «Нарық» және «Жарнама» топтары қатысты. Нәтижесінде «Жарнама» тобы І орын, «Нарық» тобы ІІ орын иеленді.

Г.ӘБДІКӘРІМОВА,

«Ұлағат Қызылорда» колледжінің оқытушысы