Лондондық «Челсидің» шабуылшысы, қазақстандық Дастан Сәтбаев EA Sports FC 27 футбол симуляторының базасында пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзірге сөз SoFIFA порталында жарияланған алдын ала сипаттамалар туралы болып отыр, дегенмен ойын шыққанға дейін ойыншылардың болашақ ресми рейтингтеріне алғашқы шолу әдетте осы мәліметтерден көрінеді, деп жазады Digital Business.

Сәтпаев қандай рейтинг алды

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 17 жастағы қазақстандық:

  • жалпы рейтинг (Overall) – 66;
  • даму әлеуеті (Potential) – 82;
  • негізгі позициясы – орталық шабуылшы (ST) болып белгіленген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!