ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Артур ван Дизен жаңа оқу жылында Қазақстанға барлық мектептерді ашуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«ЮНИСЕФ жаңа оқу жылында барлық мектептерді санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес ашуды ұсынады. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші ашылуы керек», – деді Артур ван Дизен.

Оның айтуынша, әлемде пандемия кезінде мектептердің жабылуына байланысты әрбір үшінші мектеп оқушылары немесе 463 миллион бала қашықтан білім алуға қол жеткізе алмаған.

«Білім министрлігі осы салдарды оңтайландыру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін мойындайды. ЮНИСЕФ Қазақстан оқудағы шығынды анықтау үшін мониторинг жүргізуге кеңес береді. Оның нәтижелері бойынша жеке көзқарас негізінде студенттердің білімін қалпына келтіруге арналған бағдарламалар құрып, тестілеу ұсынылады. ЮНИСЕФ осындай бағдарламаларды жасауға көмектесуге дайын», -дейді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!