Өмірдегі көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шебер­лікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жи­нақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағ­дырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым.
Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: дүниетанымдық көзқарасы, сенімі; қызметке бейімділігі; кәсіптік білімі мен біліктілігі; қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім; ұйымдастырушылық қабілет; заманға сай жаңашылдық. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді.

Саулеш ОМАРОВА,
І.Қабылов атындағы N 12 ІТ мектеп- лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!