Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгеріc енді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Жаңа ережеге сәйкес тест кезінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмекші беріледі. Ол үшін алдын ала өтініш берілуі қажет. Тағайындалған адам мұғалім болмауы шарт.

Орта, техникалық немесе кәсіптік білімі бар түлектер үшін тест тапсырмаларының саны өзгерген. Енді олар Қазақстан тарихынан – 20, математика және оқу сауаттылығы пәндерінен – 15, ал бейіндік пәндерден 35 сұраққа жауап береді. Қазақстан тарихы бойынша бес сауал қосылып, оқу сауаттылығынан бес сұрақ алынып отыр.

Тағы бір түзету қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша оқитындарға қатысты. Талапкерге енді алты емес, тек үш дұрыс жауап ұсынылады. Сәйкесінше, бағалау да өзгертіледі. Талапкер бір дұрыс жауабы бар тапсырманың дұрыс нұсқасын таңдаса, бір балл беріледі. Бірнеше жауапты таңдаса, нөл балмен бағаланбақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!