Онлайн сауалнама уақытты үнемдеп қана қоймайды. Бірнеше минуттың ішінде ондаған және жүздеген адамға сұрақ қоюға, олардың пікірін білуге көмектеседі. Алайда қажет жағдайда сауалнама жасай алмауымыз мүмкін. Balbal.kz жылдам әрі қызықты онлайн сауалнама ұйымдастыруға арналған тегін сервистер тізімін дайындады.

Survey Monkey

Сервис арқылы деректерді бір рет қана жинай аласыз. Бірнеше сауалнама нәтижесін салыстыру мүмкін емес. Сервисті браузер және мобильді қосымша арқылы да қолдануға болады.

Тегін нұсқасы 10 сұрақ және 100 респондентпен шектелген. Ал өзге құралдарын қосу үшін 30 еуро төлеу қажет. Мысалы, шаблондар таңдап, сауалнаманы әрлей аласыз. Сонымен қатар тақырыбын енгізсеңіз, жүйе дайын сауалнамаларды ұсынады.

Google Forms

Ешқандай шектеу қойылмайтын, сауалнама жасауға арналған тегін сервистердің бірі. Алайда сервис жауаптарды бір ортаға жинап бермейді. Нәтижелері бірден «Google Sheets»-ке жіберіледі. Жиі қолданылатын шаблондар арасынан өзіңізге қажеттісін таңдай аласыз.

stepFORM

Қосымшаның көмегімен сауалнамадан бөлек, тапсырыс қабылдауға және викторина жасауға болады. «stepFORM»-ның дайын шаблондары өзгелерге қарағанда азырақ. Тегін нұсқасы бар, бірақ шектеулі. Сервис арқылы ай сайын 50 сауалнама ғана жасауға болады. Ал ақылы нұсқасының құны 4,8 долларға тең.

Survio

Сервис тұтынушылардың қалауын және сіздің дүкеніңіз жайлы ойын білуге көмектеседі. Сауалнаманы кез келген девайс арқылы жасауға болады. Тегін нұсқасында бастапқы 100 жауапты ғана талдай аласыз. Ал ақылы нұсқасы үшін ай сайын 17 доллар төлеуіңіз қажет. Дегенмен бұл бірнеше артықшылықтарды береді. Мысалы, сауалнаманың 19 типі мен 70 дайын дизайн бар.  100 түрлі шаблон тақырыптарға қарай бөлінген. Баптаулары арқылы сауалнама уақытын белгілеуге болады.

Examinare

Сервисте сұрақ санына шектеу қойылмаған. Бастапқы 7 күнінде ғана тегін нұсқасын пайдалана аласыз. Бұдан кейін ай сайын 30 еуро төлеу қажет. Сервисте сауалнаманың әр түрін жасауға мүмкіндік берілген. Дайынын пошта арқылы жіберіп, сайтқа жылжымалы терезе ретінде де орналастыруға болады. Суреттер мен дыбыстық жазбаларды да қоса аласыз. Ал жауаптарын дайын құжат ретінде жүктейсіз.

Typeform

Сервис қарапайым және түсінікті. Анкетаны кез келген құрлығыға арнап жасауға болады. Алайда тегін нұсқасы жоқ. Ай сайын 35 доллар төлеу қажет.

Сауалнаманы арнайы веб-парақшаға, сайтыңызға орналастыруға болады. Түрлі графикалар мен суреттерді қоса аласыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!