Дастан Сәтпаевтың анасы Мәдина ұлының мадридтік «Реал» формасын киіп түскен мұрағаттық суретін жариялады, деп хабарлайды Tengri Sport әлеуметтік желіге сілтеме жасап.
Мәдина Сәтпаеваның айтуынша, бұл фотоны оған оқырманы жіберген және ол 2015 жылы түсірілген екен.
«Фотоны оқырманым жіберді. Астана, 2015 жыл. Сақтап қойыпты, күтпеген сый болды», – деп жазды Мәдина әлеуметтік желіде.
Бұл ретте ол да, Дастан Сәтпаев та суреттегі баланың нақ өзі екенін ресми растамады, алайда желідегі жанкүйерлер бұған еш күмән келтірмейді.
«Дастан бала кезінен «Реал» формасын киген»;
«Біз бәріміз бала кезде осыны киетінбіз. Тіпті «Барселонаның» нағыз жанкүйері болсақ та»;
«Дастан «Барселонаның» жанкүйері сияқты еді», – деп таңғалысты жанкүйерлер сурет жарияланған жазба астында.
Жанкүйерлердің таңғалуына негіз бар, өйткені «Қайраттың» баспасөз қызметі түсірген видеолардың бірінде Дастан Сәтпаев Еуропадағы сүйікті клубы мадридтік «Реалдың» бітіспес қарсыласы – «Барселона» екенін айтқан болатын.
Суретке қарағанда, 10 жыл ішінде Дастанның клубтық таңдауы өзгерген сыңайлы.
Фото: instagram.com/madina01m/
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
