Асылжан Абдуллаев Қызылорда қаласының жас кәсіпкері. 15 жастан кәсібін домалатқан Асылжан кәзіргі таңда үлкен оқырмандардың махаббатына бөленуде. Кәсіпкерге өз идеясы өткен жазда (2022) келген, сол кезде оңын парақшасында 27 мың оқырман болған және ол аптасына 30 мың табатын онлайн курстар ашқан, жас маманның өкінішке орай аккаунтты банға түседі. Бірақ бұл қиындықты жеңе білген Асылжан жаңасын ашқан, онда ол қазірдің өзінде жоғары жылдамдықпен аудитория жинаған. Сол жылдың қысында ол Innofest – 2022 көрмесіне қатысып, 300 000 теңге ұтып, enactus қорқыт атаның бенефициарына айналды.
Қыстың соңына дейін оқырман есебінен 1 миллион теңгеден асатын футболкалар сатып, сол сумманы кәсіпке қайта құйған.
– Қазір менің аккаунтымда 128 000 жазылушы бар және мен Қазақстан Республикасындағы цифрлық білім беру саласындағы ең ірі контентмейкерлердің бірімін. Осы жылдың сәуір айында өткен чемпионатқа қатысып, сонымен қатар халықаралық enactus форумында 2-орын алып, вице-чемпион атандым.
Бұған дейін Astana hub battle, digital almaty және т.б. сияқты халықаралық форумдарда өнер көрсеттім. Қазіргі уақытта мен қызылордалық gull developer group және enactus korkyt ata компаниясымен жұмыс жасаймын,- деді жас кәсіпкер.
Дильшат ИБРАГИМОВ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!