Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов облыстағы екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендірудің өзекті мәселелері тақырыбында сөз қозғалды. Сонымен қатар, жыл соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Басқосуда Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов 2021 жылы қаржыландырылған жобалар мен биылғы жылдың жоспары жайында атап өтті.

Сондай-ақ, «Даму» қорының облыстық филиал директоры Ж. Ермағанбет мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістерді баяндады.

Осы ретте, Мархабат Жайымбетов банк басшыларына өңірде шағын және орта бизнестің қаржыландыру жұмыстарын күшейтуге шақырып, жаппай кәсіпкерліктің дамуындағы банктердің ерекше ролін айтып өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!