ЗК-169-5 мекемесінде жазасын өтеушілердің қолымен тігілген арнайы жұмыс киімдері мен қолғаптары мұнай компанияларына жөнелтілуде. Түзеу мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған «Ас-кА» ЖШС-гі мамандарының мәлімдеуінше «Айдан-Мұнай», «КазГерМұнай», «СиБу»және басқа да компаниялардың жұмысшылары бірнеше жылдан бері осы мекеменің дайындаған киімдерін тұтынады. Ол үшін жыл сайын екі тарап өзара келісім-шарт жасасатын көрінеді.

  • Өз қиындығым мен ауыр ойдан арылу үшін осы тігінді меңгеруге ден қойдым. Бар ықыласыммен кіріскен соң шығар мен үшін тігін тігу аса қиынға соққан жоқ. Қазір күніне 2 арнайы киім тігемін. Барынша сапалы, жылы болуын ойластырамыз,-деді сотталған.
    Айта кетейік, сотталғандар қыстық, жаздық арнайы киімдерімен қатар мезгілге сай жұмыс қолғаптарында тігіп келеді. Сапалы өнімге сұраныс та жоғары.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД