Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы бойынша «сары» аймақтағы елорда аумағында кімдердің қашықтан жұмыс істей алатыны белгілі болды.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері жүкті әйелдердің, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлердің және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдардың (міндетін дистанциялық форматта орындау мүмкін емес санаттарды қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді қамтамасыз етсін», – деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, аталған жауапты органдарға білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізбеу тапсырылып отыр. Ал топтардың басқа топтармен бірікпей іс- шара өткізуіне рұқсат бар. Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!