BAQ.KZ. Германиялық BioNTech және америкалық Pfizer компаниялары бірігіп әзірлеген 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға арналған COVID-19-ға қарсы вакцина жақын арада қолданысқа шығуы мүмкін. 

Бұл туралы BioNTech компаниясының медициналық зерттеулер бойынша директоры Озлем Тюречи хабарлады деп жазды БЕЛТА.

Жақын апталарда біз бүкіл әлемдегі 5 пен 11 жас аралығындағы балалар арасында жүргізген зерттеуіміздің нәтижесін билікке ұсынатын боламыз. Сонымен қатар осы жастар аралығындағы топқа вакцинаның, соның ішінде, Еуропада рұқсат берілуі үшін өтініш береміз, – деді Озлем Тюречи.

Оның айтуынша, екпе өндіріске дайындалу үстінде. Сондай-ақ балаларға арналған препараттың ересектердікінен айырмашылығы жоқ, тек дозалануы аз.

Зерттеу нәтижесі дайын болып қалды, енді оны биліктің бекітуін күтеміз. Жылдың соңына қарай алты айдан асқан сәбилердің арасындағы зерттеу нәтижелері шығады, – деді BioNTech компаниясының тең құрылтайшысы Угур Шахин.

Айта кететін жайт, қазан айының ортасынан бастап 12 жасқа дейінгі балаларға Германияда BioNTech – Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін

baq.kz