Үкіметтің 2026 жылғы 10 тамыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлікке жаңа міндет жүктелді.
- Енді ведомство жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруға жауап береді, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлеріне өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті жағдай жасауға тиіс.
Сонымен қатар министрлікке мынадай жаңа функциялар берілді:
- жүріп-тұруы шектеулі адамдардың құрылыс нысандарына кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігінің қамтамасыз етілгенін растау;
- министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
- нормативтерді, нормативтік-техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлеу, бекіту және келісу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік салалық есебін жүргізу және бұл мәліметтерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
- өз құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерту, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстар дайындап, оларды стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу;
- министрлік қарамағындағы төтенше жағдайларды бақылау, ахуалды қадағалау және болжау қызметтеріне басшылық жасау;
- азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, халық пен мамандарды оқытуды және тиісті білімді насихаттауды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыруға және сақтауға жұмсалатын шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде үкіметке ұсыныстар енгізу;
- ведомствоға қарасты ұйымдарда өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізу;
- азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылық жасау;
- ведомствоға қарасты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің қорларын қалыптастыру, олардың сақталуына, жаңартылуына және қолдануға әзір күйде болуына ішкі бақылау жүргізу;
- азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және бекіту;
- қосалқы қалалық және көмекші басқару пункттерінің құрылуын қамтамасыз ету;
- әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысу;
- Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүддесі үшін міндеттерді орындау, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақытында Қазақстан экономикасы мен халқының тыныс-тіршілігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-еңбек саласындағы арнаулы құралымдардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық кадр жүйесінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мониторинг жүргізу. Бұл норма 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданылады;
- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар желісінің нормативін әзірлеу және бекіту. Бұл норма да 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданылады.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап министрлікке тағы бірқатар функция жүктеледі:
- жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы әлеуметтік-еңбек саласындағы жұмылдыру тапсырысын орындауға қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және олардың көлемін есептеу әдістемесін әзірлеу әрі бекіту;
- мемлекеттік материалдық резервтің жұмылдыру резервіне қатысты материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемін қалыптастыру үшін жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
- мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервіне жататын материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын резервтен шығару туралы Қазақстан үкіметіне ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы салаларындағы уәкілетті органдармен келісу арқылы жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару туралы шешім қабылдау;
- мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі, сондай-ақ номенклатура өзгерген кезде оларды резервтен шығару жөнінде ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жеткізуге тапсырыс орналастыру;
- жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды жаңарту тәртібімен шығару туралы шешім қабылдау;
- мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша, алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жаңартылуға тиіс жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз беру;
- мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
- жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау мен жаңартуды ұйымдастыру;
- төтенше жағдайлардың алдын алу талаптарын орындау.
Қаулы 2026 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді. Бұған 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін нормалар кірмейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
