ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды”, –делінген Ақорда сайтында. 

Еске салсақ, үш күн денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары болған Алексей Цой 2020 жылы 25 маусымда ведомство басшысы болып тағайындалған еді.